×
480.55
533.75
5.36
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
480.55
533.75
5.36

ҰҚК теракттың алдын алды

13.06.2024, 11:34
Фото: Gov.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстанда жыл басынан бері бір лаңкестік әрекеттің алды алынғанын хабарлады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҰҚК төрағасы Ермек Сағымбаевтың басшылығымен терроризмге қарсы орталығының кезекті отырысы өтті. Онда шетелдік радикалдардың ену қаупін жою, экстремизм мен терроризмнің алдын алу, сондай-ақ осал нысандарды терроризмге қарсы қорғау мәселелері қаралған.

Отырыста елдегі маңызды қоғамдық-саяси іс-шаралардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шеңберінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын күшейту шаралары талқыланғаны айтылды.

Сонымен қатар, ҰҚК биылдан бастап Қазақстанда 1 террорлық шабуылдың алдын алып, 26 адам террористік және экстремистік қызметі үшін сотталғаны атап өтілді. Экстремизм мен терроризмге қатысы бар 151 шетелдік азаматтың елге кіруіне жол берілмеді. Республикаға тыйым салынған діни әдебиеттерді әкелгені үшін 19 шетелдік жауапқа тартылды. Сондай-ақ 356 терроризмге қарсы оқу іс-шаралары өткізілді, - делінген хабарламада.

ІІМ және ҰҚК күштерімен террористік тұрғыдан осал нысандардың, оның ішінде адамдар көп жиналатын орындарды 3 мыңнан астам тексеру жүзеге асырылған.

Серіктес жаңалықтары