×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

ЭКСПО ғимараттары өзін-өзі ақтап жатыр деп айта алмаймын – Смайылов

13.06.2024, 14:07
ЭКСПО ғимараттары өзін-өзі ақтап жатыр деп айта алмаймын – Смайылов
Коллаж: ulysmedia.kz.

Жоғарғы аудиторлық палата басшысы Әлихан Смайылов биылдан бастап "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының ірі компанияларына аудиторлық тексеріс жүргізілетінін хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz.

Смайылов не дейді

– Жоғарға аудиторлық палатаның функциялары ұлғайып жатыр. Былтыр мемлекет басшысы қосымша функция берді. Ол – жергілікті бюджеттердің аудитін жүргізу және активтерді басқару жөніндегі аудит жүргізу. Сонымен қатар, басқа аудиторлардың жүргізген аудиторлық іс-шараларын қайта қарап, қайта аудит жүргізу. Биыл квазмемлекеттік сектордың компанияларын егжей-тегжейлі жұмыстарын тексеру шараларын жүргізіп жатырмыз, – деді Әлихан Смайылов.

Жоғарғы аудиторлық палата күні кеше Мәжілісте көлік саласындағы аудиторлық тексерістің қорытындысы жарияланғанын айтты. 

– Биыл тағы да Самұрық-Қазынаның ірі компанияларын тексеретін боламыз. ЭКСПО-да мемлекеттік компания ғой. Біз кезі келгенде оны да тексереміз, – деді ол.

ЭКСПО ғимараттары өзін-өзі ақтап жатыр ма? Бұл сұраққа Смайылов былай жауап берді.

– Қазір олардың табыстары ұлғайды. Бірақ өзін-өзі толық ақтап жатыр деп айта алмаймын.

ЭКСПО ғимараттарына кім жауапты

ЭКСПО ғимараттарына жауапты «QazExpoCongress» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы ЭКСПО-2017 нысандарын көрме аяқталғаннан кейін пайдалану және қолдануды міндетіне алған.