Бұған дейін кәсіпкер Қайрат Боранбаевқа тиесілі болған компания «ҚазМұнайГаздың» басқаруына өткеннен кейін 10 млрд теңгеден астам шығынға батты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Protenge мәліметінше, мұнай өндіруші Phystech II компаниясы 2025 жылғы қаржылық есебін KASE биржасында жариялады.
Есепке сәйкес, компанияның табысы 6,4 млрд теңгеге дейін артқанымен, жыл қорытындысы бойынша 10,1 млрд теңге көлемінде шығын көрсеткен. Ал бір жыл бұрын компания небәрі 24 млн теңге көлемінде пайда тапқан еді.
Компанияның қаржылық есебіне оның өткен жолы да қызығушылық тудырып отыр. Себебі Phystech II Маңғыстау облысындағы Солтүстік Қаражанбас кен орнын игеру құқығына ие. Бұрын бұл актив кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың иелігінде болған. 2023 жылы мемлекет меншігіне қайтарылғаннан кейін компанияны «Самұрық-Қазына» қоры басқарды. Ал 2026 жылдың мамыр айының соңында Phystech II ресми түрде «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының құрылымына өтті.
ҚАЙРАТ БОРАНБАЕВ ТУРАЛЫ
Қайрат Боранбаев – Алматыдағы Esentai Mall сауда-ойын-сауық орталығы мен Esentai Tower бизнес орталығының, сондай-ақ «Қайрат» футбол клубының иесі. Ол Forbes Kazakhstan журналының 2025 жылғы нұсқасы бойынша Қазақстанның ең ықпалды 50 бизнесмені рейтингінде 20-орынға ие болған.
КОНТЕКСТ
Маусым айының басында «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы бұған дейін Қайрат Боранбаевқа тиесілі болған Phystech II компаниясының 100 пайыз үлесін иеленгені белгілі болған еді.