Қырғызстан парламенті көріпкелдер, бақсылар, сиқыршылар мен экстрасенстерді жарнамалауға тыйым салатын заңнамаға қатысты түзетулерді мақұлдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Енді Қырғызстанда сиқырға қатысты жарнамаларға тыйым салынады.
Тиісті шешім «азаматтардың санасына кез келген оккульттік, сиқырлық және басқа да сенімсіз әдістер арқылы айла-шарғы жасауға» қарсы тұру мақсатында қабылданғаны атап өтілді. Құжатты негіздеу анықтамасында да психолог біліктілігі бар адамдардың алаяқтық жолмен адамдардан ақша алып үлгеретіні жазылған.