×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Гарвард деканы марқұм Ақназар Қажымұрат жайлы хат жариялады

10.11.2021, 14:13
Гарвард деканы марқұм Ақназар Қажымұрат жайлы хат жариялады
Коллаж: ulysmedia.kz.

Ақназар Қажымұрат тұрған Kirkland House жексенбі күні кешке марқұмды еске алу кешін өткізді. Жиын барысында Ақназардың достары мен ол оқыған университет студенттерінің естелігін америкалық Задок И.Н. Джи есімді журналист жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Гарвардтың күнделікті шығатын газеті Ақназардың қазасы жайлы мақаланы «Aknazar ‘Adam’ Kazhymurat ’23 Found Dead While Home in Kazakhstan» деп атаған. Курстастары марқұмды Адам деп таныса керек.

Университет (оларша ЖОО – «College») деканы Ракеш Хурана Ақназардың өлімі жайлы электронды хатты студенттер мен университет қызметкерлеріне жариялаған.

Колледж өкілі Рейчел Дейннің айтуынша, 2020 жылы көктемде бірінші курсты аяқтағаннан кейін Ақназар Қажымұрат оқудан кейінгі демалыста болған.

Фото: Ракеш Хурана

Ракеш Хурана электронды хатында Ақназардың университеттің «өте құрметті әрі сүйікті мүшесі» болғанын жазады.

«Ақназардың математика ғылымына деген табиғи дарыны бар еді. Ол математиканы басқа студенттерді оқытып, уақытын кампуста өткізетін. Басқаға көмектесуге асығып тұратын. Оның алғашқы курсқа келген студенттері Ақназарды оқуды жақсы көретін әрі үй тапсырмасын орындауға немесе басқа да шаруаға кез келген адамға көмектесуге әзір тұратын адам ретінде біледі. Кампустағы алғашқы жылы коронавирус пандемиясына байланысты үзілгеннен кейін Ақназар Кембридждегі адамдарды сағынатынын айтқан. Ақназармен таныс-біліс болған біздің жолымыз болды. Ол бізді үздік бірлестікке айналдырды, біз оны сағынамыз», - деп жазды Хурана.

Хурана өзінің электронды хатында өлімге қайғырған азаматтарды, достары мен Гарвардтың ресурстарын Ақназардың отбасын қолдауға шақырған.

«Бұл жаңалық біздің бәрімізге әсер етті. Ақназардың өлімінен кейін біздің қандай күйде болғанымызды көрсете алатын сөз жоқ шығар», - дейді ол.

Kirkland House жексенбі күні кешкі жетіде қаралы хабарды естіген студенттерді қолдау үшін Ортақ бөлмеде жиын өткізген.

«Өз еңбегімен Ақназар жүздеген студентті қанаттандырған адам. Еңбекке сүйенген адамның жоғары нәтижеге жетуге болатынын дәлелдеген. Қиын сәтте біз Ақназардың отбасымен бірге қайғырамыз», - деп жазады мақала авторы.