×
478.58
520.84
5.44
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
478.58
520.84
5.44

2 бала қайтыс болды: Солтүстік Қазақстанда тұшпара жеген отбасы уланып қалған

14.06.2024, 16:46
Фото: nsk.selhozproduct.ru

Солтүстік Қазақстандағы ауылдардың бірінде бір отбасы тамақтан уланып, ауруханаға түсті, екі бала қайтыс болды, дәрігерлер ана мен тағы бір баланың өмірі үшін күресіп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Не болды

Оқиға Қызылжар ауданы Надежка ауылында болды. Ол жерден 1996 жылы туған ана және оның 2014 ж, 2017 ж және 2021 жылы туған балалары Петропавл облыстық ауруханасына жеткізілді. Кейінірек екі бала, 3 жасар ұл және 6 жасар қыз қайтыс болды.

Полиция не дейді

СҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл дерек бойынша «Абайсызда адамдардың жаппай улануына және екі адамның өліміне әкеп соққан санитарлық ережелер мен гигиеналық нормаларды бұзу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

Отбасының әкесі бір күн бұрын отбасының ауылдағы дүкеннен сатып алған тұшпара жеп, кола ішкенін айтқан.

Облыстық Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті сынамалар алынып, зертханаға жіберілгенін хабарлады.

Серіктес жаңалықтары