×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

+7: Қазақстан телефон кодын өзгертуден айнып қалды

15.06.2024, 11:23
+7: Қазақстан телефон кодын өзгертуден айнып қалды
Ашық дереккөзден

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Қазақстанның телефон кодын өзгеріссіз қалдыру жөнінде шешім қабылдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ведомство 2021 жылы Қазақстанда +997 халықаралық телефон коды сақталғанын, алайда кейінірек жаңа кодқа көшірілетінін хабарлаған. Бірақ мұның бірқатар қаржылық және технологиялық проблемаларға әкеп соқтыратыны аталып өтеді.

"Сонымен қатар, отандық байланыс операторларының барлық абоненттерінде мемлекеттік және банктік қызметтерді, әлеуметтік желілерді және түрлі қосымшаларды алу үшін барлық сервистерде өз деректерін жаңарту қажеттілігі туындайды", — делінген хабарламада.

Министрлік халықаралық телекоммуникация одағымен тағы да келіссөздер жүргізіп, +7 телефон кодын өзгеріссіз қалдыруды жөн деп шешкен.

"Ресей мен Қазақстан Үкіметі арасында дүниежүзілік нөмірлеудің 7-ші аймағының нөмірленуін пайдалану туралы жаңа келісім жасасу мәселесі пысықталды", - деп толықтырды ведомстводан.

Қазір жобаны келісу бағытында Ресей нотасын алу күтіліп отыр.

Еске сала кетейік, Қазақстанның телефон кодын өзгерту идеясын 2021 жылы Орталық коммуникациялар қызметінің бұрынғы басшысы Бағдат Мусин мәлімдеді. Ол Қазақстан мен Ресей үшін КСРО ыдыраған кезде +7 халықаралық телефон коды орнатылғанын айтты.