×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Швейцарияда Украина бойынша Бейбітшілік саммиті басталады

15.06.2024, 13:58
Швейцарияда Украина бойынша Бейбітшілік саммиті  басталады
AP Photo

Швейцарияның орталығындағы Бюргенсток курортында жаһандық бейбітшілік саммиті басталады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы eurointegration.com-ға сілтеме жасай отырып.

Жаһандық Бейбітшілік саммиті 15-16 маусымда. Ол Украинаның "бейбітшілік формуласын" талқылауға арналған. Іс-шараны бүгін Швейцария Федералды кеңесінің төрағасы Виола Амгерд ашады. Бағдарлама "бейбітшілік формулалары" - ядролық қауіпсіздік, азық-түлік қауіпсіздігі және гуманитарлық өлшем бойынша жалпы отырыстар мен пікірталастарды қамтиды.

Швейцария үкіметі саммиттің мақсаты бейбіт процесті бастау, сенім атмосферасын құру және осындай процеске келесі қадамдар үшін идеяларды анықтау екенін айтты.

– Саммит сонымен қатар Ресейдің бұл процеске қалай және қашан қосылуы мүмкін екенін бірінші рет жоғары деңгейде талқылау мүмкіндігін ұсынады. Федералды кеңес үшін ұзақ мерзімді шешімді әзірлеу екі жақтың да қатысуын талап етеді, - деп хабарлады Швейцария үкіметі.

Бейбітшілік конференциясына әлемнің түкпір-түкпірінен 57 мемлекет және үкімет басшыларын қосқанда 100 делегация қатысады. Ресей бұл іс-шараға шақырылған жоқ. Барлық қатысушыларға Украинадағы әділ және тұрақты бейбітшілік туралы өз көзқарастарын білдіруге мүмкіндік беріледі.

Еске сала кетейік, бұған дейін саммитке Азия елінің тек үш елінен өкілдер баруға келіскен болатын. Мамыр айының соңында Зеленский Орталық Азия елдерінің басшылары Ресей федерациясынан қорқып, "Кремльдің көңіліне қарайды" деп мәлімдеді.