×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Ұсқынсыз қорап сияқты: блогер Елікбаев Алматы әуежайының жаңа терминалын сынап тастады

15.06.2024, 18:29
Ұсқынсыз қорап сияқты: блогер Елікбаев Алматы әуежайының жаңа терминалын сынап тастады
Коллаж: ulysmedia.kz.с

Белгілі қазақстандық блогер Әлішер Елікбаев Алматы әуежайының жаңа терминалында болып, ол ұнамай қалғанын әлеуметтік желіге жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Елікбаев Катарда демалып, Алматы әуежайының жаңа халықаралық терминалына қонған. Блогер оны үлкен әрі ыңғайсыз деп атайды.

– Мен оны ішінен көрдім. Әзірге жақсы дерлік ештеңе айта алмаймын. Бұл үлкен, ыңғайсыз әрі іш пыстырады. 2024 жыл ғой. Сондықтан әуежайларды бұлай салудың қажеті жоқ. Трендтер әлдеқашан алға кетіп қалған. Бұл "совокша" қорап. Мүлде көңілсіз, мүлде қызықсыз, - дейді ол.

Ол жұмыс істемейтін эскалаторларды, "тежегіш" шекаралық бақылау жүйесін және баяу багаж таспасын атап өтті. Бірақ блогердің басты талабы – жаңа терминал жай ғана ұсқынсыз.

– Жақын жерде Баку әуежайы, әдемі Тбилиси әуежайы тұрған кезде мұндай әуежайларды салмау керек еді. Сіздер бұл ангарды Қазақстанның басты қақпа ретінде ұсынасыздар ма?

Бұл өте жаман. Дәретханалар өте қорқынышты. Қаріптер де мүлде ұсқынсыз, оқылмайды, - деп қосты ол.

Жаңа терминал

Еске сала кетейік, жақында Алматы әуежайында саяхатшылар көптен күткен халықаралық рейстерге арналған жаңа терминал ашылды. Ашылу салтанатында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев болды. 

Ал бір күн бұрын 16 маусымнан бастап Альп Эр Тунга Ерсой 2021 жылдың маусымынан бері атқарып келе жатқан Алматы әуежайының президенті қызметінен кететіні белгілі болды. Алматы халықаралық әуежайы басшылығының шешімі бойынша президент лауазымына Гокер Көсе тағайындалды. 

6 маусымда жолаушылар Алматы халықаралық әуежайындағы жұмыс істемейтін жаңа терминалға шағымданды.