×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Наурызбай қажы Тағанұлы бас мешітте айт намазын оқыды

Наурызбай қажы Тағанұлы бас мешітте айт намазын оқыды
Фото: ҚМДБ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы республикалық Бас мешітте айт намазын жүргізіп, жамағатқа уағыз айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚМДБ баспасөз қызметінің мәліметінше, Бас мүфти айт намазынан кейін еліміз бен жеріміздің болашағы жолында қаза тапқан ата-баба рухына қасиетті Құран аяттарын бағыштады. Сонымен қатар мешіт ауласында өткен мерекелік іс-шараға қатысып, жамағатқа игі тілегін жеткізді.

Қасиетті Құрбан айт – мұсылман жұртшылығының ұлық мерекесі. Айт, ғни «әл-ғиду» сөзi мереке, мейрам, қуаныш деген мағыналарды білдіреді. Қасиетті Құрбан айт күні мұсылман адам айт намазын оқып, құрбан шалып, айт мерекесімен өзгелерді құттықтап, қайырымды істер атқаруға тырысады. Бұл күндерді ұлықтап, адамдарға қуанышты көңіл-күй сыйлау – тақуалық белгілерінен. Алла Тағала Қасиетті Құранның «Хаж» сүресінің 32-аятында «Кім Алланың белгілерін ұлықтаса, шындығында ол жүректің тақуалығынан», – деп айтқан.Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):‏ «Құрбан айт күнін мереке ретінде атап өтуге маған бұйрық келді. Бұл күнді Алла Тағала тұтас үмбет үшін мереке етті», – деген. Ата-бабаларымыз айт күндері ұлық мерекені құрмет тұтып, ерекше киімдерін киіп, жақын-туғандарын аралап: «Айт қабыл болсын!», «Айт құтты болсын!» деген сөздермен ізгі ниеттерін білдіріп, балаларға айттық сыйлықтар беретін болған, - деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Еске салсақ, құрбандықты биыл онлайн шалуға болатынын хабарлаған едік. Мейрам күндері не істеу керек екенін де жазған болатынбыз. 

Сондай-ақ Астанада құрбан шалуға болатын орындар бекітілгенін хабарладық.