×
477.03
521.44
5.43
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
477.03
521.44
5.43

"СК-Фармация" басшысы қызметінен кетуі мүмкін

16.06.2024, 15:35
Коллаж Ulysmedia

Ренат Есқалиев "СК-Фармация" ЖШС басқарма төрағасы қызметінен босатылады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. саясаттанушы Ербол Еділовке сілтеме жасап.

Еділовтің ақпатарынша Есқалиев қызметтен босату туралы бұйрыққа әлі қол қойылмағанын, бірақ қол қою дүйсенбіде болуы мүмкін. 

Ренат Есқалиев "СК-Фармация" ЖШС-ні 2020 жылдан бастап басқарады. Компания дәрілік заттарды сатып алуды жүргізеді және республикалық бюджет қаражаты есебінен сатып алынатын медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы болады. Қатысу үлесінің 100% Денсаулық сақтау министрлігіне тиесілі.

Осы 4 жыл ішінде Есқалиев  бірнеше рет жанжалға тап болды.  2020 жылдың сәуірінде бүкіл ел карантинде болған кезде, Есқалиев әлеуметтік желілерде ресейлік тележүргізуші Ксения Собчакпен банкетте құшақтасып түсірілген фотосуретті жариялаған. 2021 жылы Есқалиевтің жұбайы астананың элиталық мейрамханаларының бірінде ауқатты адамдармен іс-шарада байқалды.

Осы жылдың ақпан айының соңында Антикор басшысы Тоқаевқа "СК-Фармация" ЖШС-де медициналық препараттар мен жабдықтарды сатып алу бөлігінде елеулі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар екенін баяндады.

Серіктес жаңалықтары