Видеоны Немолчи қоры жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Видео #Немолчи қорына келіп түскен. Кадрда ер адам әйелге пышақпен тап берген. Тап берген адам оның бұрынғы жігіті болуы мүмкін деп болжайды қор.
- Ол бірнеше рет пышақ салған, олардың бірі денеге терең сұғылған. Мұқият қараңыз ол пышақты тамаққа қарай қалай бағыттайды. Сондай-ақ, баспалдақтың астында жасырынып, оны күтіп тұрғанына назар аударыңыз.
Әйел қаланың белгілі супермаркетінде жұмыс істейді, кіреберістегі дәретханаға шыққан. Қазір ол реанимацияда жатыр, – делінген хабарламада.
Атырау полициясы әзірге бұл факт бойынша ақпарат берген жоқ. Іс қай баппен қозғалғаны және күдіктінің ұсталған-ұсталмағаны белгісіз.