×
479.38
531.63
5.27
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
479.38
531.63
5.27

Құрбан айттың алғашқы күнінде 20 мыңнан астам мал сойылған

Фото: ашық дереккөз

Құрбан айттың алғашқы күні 20 мыңнан астам мал құрбандыққа шалынған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚМДБ мәліметінше, Құрбан айттың алғашқы күні республика көлемінде жалпы саны 20 236 мал шалынса, 1 788 тапсырыс qurban2024.kz сайты арқылы берілген.

Оның ішінде: қой – 17 327, ешкі – 1 597, ірі қара – 1 307, түйе – 5.

Ел бойынша 62 561 отбасыға, 136 мекемеге құрбандық еті таратылды.

Еске сала кетейік, онлайн форматта құрбан шалуға qurban2024.kz сайты арқылы тапсырыс беру бүгін және ертеңге дейін жалғасады.

Серіктес жаңалықтары