Қазақстанда ойын бизнесі жөніндегі комитет құрылады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Үкімет қаулысының жобасына сәйкес, туризм және спорт министрлігінің туризм индустриясы комитетін оның құрамынан ойын бизнесі мен лотереяны реттеу комитетін бөлу арқылы қайта құру жоспарланып отыр.
Құжат 24 маусымға дейін қоғамдық талқылауға шығады.
Еске сала кетейік, 5 маусымда мәжіліс екінші оқылымда ойын бизнесі, лотерея және лотерея қызметі мәселелері бойынша заң қабылдады. Заң жобасында борышкерлерге ойнауға және шетелдік ресурстарға ставка жасауға тыйым салатын баптар қарастырылған.