×
473.15
515.12
5.4
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
473.15
515.12
5.4

Алаяқтарға қарсы «WhatsApp» бот әзірленді

17.06.2024, 21:25
Коллаж Ulysmedia

Алаяқтарға қарсы «WhatsApp» бот әзірленді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қазақстанда алаяқтарға қарсы күресетін бот әзірленді. 

“Астана қаласының прокуратурасы алаяқтықпен күрес және алдын-алу шеңберінде ықтимал алаяқтарды анықтау мақсатында телефон нөмірлерін тексеру үшін арнайы «Алаяқтыққа қарсы» «WhatsApp» бот (+7-747-680-02-10) әзірледі,”- деп жазды баспасөз қызметі. 

Жоба тауарларды сату/алу, сондай-ақ әртүрлі қызметтерді алу кезіндегі алаяқтық әрекеттерден қаржылық шығындар мен басқа да жағымсыз салдарлардың тәуекелдерін барынша азайтуға көмектесуге арналған.

Бұған дейін 

Бас прокуратура елде интернет-алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғанын, күн сайын алданғандар саны артып бара жатқанын ескерткен еді.

Бас прокуратура құқық қорғау органдары қызметкерлері видео-қоңыраумен ешқашан хабарласпайтынын, мұндай форматта жұмыс істемейтінін хабарлады. Ешкімге, тіпті құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне де банк мәліметтері бермеу керектігін, осындай күмәнді жағдайлар туындағанда 115 нөміріне қоңырау шалу керектігін айтты.

Серіктес жаңалықтары