×
480.55
533.75
5.36
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
480.55
533.75
5.36

Түрмедегі Марат Жыланбаев Қазақстанның омбудсменімен шұғыл кездесуді талап етті

18.06.2024, 17:47
Коллаж: ulysmedia.kz.

Астанада сотталған супермарафоншы Марат Жыланбаев адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаевтың түрмеге келуін талап етеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Белсенді Бақытжан Төреғожина түрмеде жазасын өтеп жатқан Марат Жыланбаев адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаевпен шұғыл кездесуді талап ететінін айтты. Ол әлеуметтік желілерде Жыланбаевтың мәлімдемесін жариялады. 

Хатта Жыланбаев өз жазасын өтеп жатқан түзету мекемесінде қызметкерлерден қауіп төніп тұрғанын жазған. 

– Сізден шұғыл түрде келуіңізді сұраймын. Мен сізге құқық қорғаушылардың қорғауының қажеті жоқ деп бұрын жазған болатынмын. Мәжбүрлегендіктен жаздым, - деді Жыланбаев.

Жыланбаевқа шыққан үкім

Еске сала кетейік, Астана қаласының қалалық соты тіркелмеген оппозициялық "Алға, Қазақстан!" партиясының көшбасшысы Марат Жыланбаев апелляциялық шағымы бойынша шешім шығарған еді. Астананың қылмыстық істер жөніндегі соты Марат Жыланбаевты былтыр қарашада жеті жылға соттаған еді. Белсендіге “тыйым салынған ұйымның қызметіне қатысты” және “терроризмді қаржыландырды” деген айыптар тағылған. 

Былтыр қарашада тіркелмеген “Ел тірегі” партиясының жетекшісі, бұрынғы мәжіліс депутаты Нұржан Әлтаев 10 жылға сотталды. 

Ал Думан Мұхаммедкәрім 2023 жылдың маусымынан бастап қамауда отыр. Оның ісі бойынша әлі сот шешімі шыққан жоқ.

Марат Жыланбаев бұған дейін де бірнеше рет аштық жариялаған. Халықаралық Human Rights Watch құқық қорғау ұйымы Қазақстан билігін оны босатып, оған тағылған айыптарды алып тастауға шақырған болатын.

Марат Жыланбаев – қазақстандық марафоншы, тіркелмеген "Алға, Қазақстан" оппозициялық партиясының төрағасы. Ол әлемдегі ең үлкен шөлдермен жүгірген жалғыз адам. Былтыр «Ар-Бедел» қоғамдық қоры белсендінің сөздерінен кейін Жыланбаевты экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау бойынша сотқа берді. Жыланбаев талап арызды жеңіп алды.

Ол 1963 жылы 19 тамызда Қарағанды облысында дүниеге келген. Жер шарының ең ірі шөлдері – Азия, Африка, Австралия және Америкада жүгірген жалғыз адам. Оның әрбір жүгірісі кем дегенде 1200 км құрады. Халықаралық ультрамарафон жарыстарының жеңімпазы және жүлдегері. Гиннестің рекордтар кітабына енгізілген 7 әлемдік рекордтың иесі.

Серіктес жаңалықтары