Жыл басынан бері саудаға салынған инвестициялар көлемі 121 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Сауда саласы 1,5 млн астам адамды жұмыс орындарымен қамтиды және салалар арасында бірінші орынға ие. ЖІӨ-дегі салым бойынша сауда саласы 2-орында. Мұнда бизнес субъектілерінің 36% жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы СИМ Сауда комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабеков айтты.
Осы жылдың 5 айында сауданың НКИ 103,1% құрады. Номиналда осы жылдың қаңтар-мамыр айларында тауар айналымының көлемі ұлғайып, 21,9 трлн теңгені құрады. Өткен жылдың осы кезеңдегі деңгейінен 1,5 млн теңге асып түсті. Сонымен қатар екінші жартыжылдықтан бастап сауданың дәстүрлі өсуін күтеміз, - деді ол.