×
474.26
514.48
5.43
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.26
514.48
5.43

Аптап ыстық, жоғары өрт қаупі. Ертеңгі ауа-райы болжамы

18.06.2024, 23:40
Әлеуметтік желіден

Ертең, яғни 19 маусымда Қазақстан аумағындағы ықтимал ауа-райы белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қазақстанның солтүстігінде, орталығында, оңтүстік-батысында антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болады.

"ҚР аумағының қалған бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктер өз ықпалын сақтайды: найзағай ойнап, жаңбыр жауады, еліміздің оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады, батыс, оңтүстік-шығыс өңірлерде бұршақ түсіп, қатты жел тұрады деп күтіледі. Республикамыз бойынша ортақ табиғи құбылыс - желдің екпін алуы,"- деп хабарлады  "Қазгидромет" синоптиктері.

Күндіз БҚО, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда облыстарында, Қостанай облысының оңтүстігінде аптап ыстық болады деп күтіледі. Маңғыстау, Атырау облысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде өте қатты ыстық сақталады.

Ақтөбе және Ұлытау облыстарында, Абай облысының солтүстігінде, орталығында, батысында, Қарағанды облысының орталығында, батысында, солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының орталығында, батысында, Ақмола облысының оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Қызылорда облысының солтүстік-батысында, шығысында, Маңғыстау облысының теңіз жағалауында, Жетісу өңірінің солтүстігінде, Алматы облысының орталығында өрт қаупі жоғары.

"Атырау, Маңғыстау, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстарында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, батысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Алматы облысының батысында, Қостанай, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде және Абай облысының орталығында, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Жетісу өңірінің шығысында төтенше өрт қаупі сақталады,"- деп хабарлайды синоптиктер.

Бұдан бөлек, алдағы тәулікте Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысы мен шығысындағы таулы аймақтарда жауын-шашын болжамына байланысты су деңгейінің көтерілуі байқалады.

Серіктес жаңалықтары