×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Кәсіпкер медициналық мекемеге бахиланың әр данасын 30 есе қымбатқа жеткізбек болған

Кәсіпкер медициналық мекемеге бахиланың әр данасын 30 есе қымбатқа жеткізбек болған
Фото: triptonkosti.ru

Жетісу прокурорлары кәсіпкер бахиланы нарықтық құнынан 60 есе қымбатқа жеткізбек болғанын анықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінің мәліметінше, Абай облысының медициналық-білім беру мекемесі 500 қорап (25 мың жұп) бахиланы сатып алуға тендер жариялаған, оны ең аз сома – 887 500 теңгені ұсынған кәсіпкер жеңіп алған.

Алайда кәсіпкер бұл қомақты ақшаға бар болғаны 500 дана (250 жұп) бахила, яғни әрқайсысын 1775 теңгеден жеткізуге тырысқан. Оның талабын Жетісу облысының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты қолдаған. Яғни сот медициналық мекемені ақша төлей отырып, тауарды қабылдауға міндеттеген.

Апелляциялық сатыдағы прокурорлық ден қою шаралары кезінде бахиланың нарықтық құны 30 теңгеден аспайтыны дәлелденіп, заңсыз шешімнің күші жойылды.