×
478.58
520.84
5.44
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
478.58
520.84
5.44

Елімізде мемлекеттік сатып алуға қатысу шарттары қатаңдатылып жатыр

Фото: oodp.ru

Сенат депутаттары пленарлық отырыста «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңды қосымша түзетулермен мақұлдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сенатор Шәкәрім Бұқтығұтовтың айтуынша, заңмен бірқатар маңызды норма енгізіліп жатыр. Атап айтқанда, жалған компанияларды сатып алуға қатысуды болдырмау үшін норма енгізіледі, оған сәйкес тапсырыс беруші өнім берушіден шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті материалдық және еңбек ресурстарының болуын талап етуге құқылы.

Қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алуларды нақты аффилиирленген белгілері бар компаниялар ұтып алатын жағдайлар қарастырылған. Бұған жол бермеу мақсатында қатысушының аяқталмаған немесе тиісінше орындалған сатып алу шарттары болған кезде оның балдарын төмендету тәртібі көзделетін болады, – деп атап өтті депутат Шәкәрім Бұқтұғытов.

Отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында бір көзден алу тәсілімен офтейк-келісімшарттар жасасу мүмкіндігі берілетін болады. Ал шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша жүзеге асырылатын болады.

Сондай-ақ заңмен “кілтпен" құрылыс туралы келісімшарт бойынша нормалар енгізіледі, бұл – бүкіл әлемде кеңінен қолданылатын EPC келісімшартының аналогы.

Серіктес жаңалықтары