×
473.15
515.12
5.4
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
473.15
515.12
5.4

Қазақ тілді ChatGPT қашан іске қосылады — министр Мәдиев мерзімді атады

20.06.2024, 18:50
Коллаж Ulysmedia

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарышты дамыту министрі Жаслан Мәдиев қазақ тіліндегі ChatGPT қашан іске қосылатынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Министр не дейді

— Әрине, ол өте маңызды жоба. Қазіргі таңда біз QazLLM деген жобаны іске асырып жатырмыз. Ол үлкен тілдік модель. Назарбаев Университетімен осы бағытта жұмыс жүргізіліп жатыр. Бүгінге дейін 6 млрд-қа жуық токен жиналды. Біздің мақсат — 100 млрд токенге дейін жеткізу. Осы жылдың соңы - желтоқсанда бірінші нұсқасы шығады деп ойлаймыз, – дейді Мәдиев.

ChatGPT

ChatGPT былтырдан бері ең көп талқыланған жобаға айналды. Адамдар онымен сөйлесіп, түрлі тапсырма беріп, тіпті диплом жұмысын жаздырып көрген.

ChatGPT – америкалық коммерциялық емес OpenAl компаниясының 2022 жылдың қараша айында таныстырған нейрондық желісі. Ол арқылы жасанды интеллектпен хат жазысып, кез келген сұрақ қоюға немесе тапсырма беруге болады.

"Бірінші GPT" 2019 жылы әзірленген еді. Ол жалған жаңалықтар жасауды білген. Бірақ көпшілік қолданысына шықпады, себебі, компанияның айтуынша, ол "тым кемшіліксіз болған". Дегенмен, сол жылы GPT-2 шықты. Үшінші GPT чат-боты 2020 жылы іске қосылды.

2022 жылы жарияланған ChatGPT чат-боты GPT-3.5 жүйесінде жұмыс істейді. Ал, толыққанды GPT-4 2023 жылы шығарылады деп жоспарланған. Бұл чат-бот көлемді деректермен (570 гигабайт мәтін) жұмыс істеп үйретілген және автотолтыру сияқты келесі сөздің қандай болатынын болжай алады, бірақ ауқымы одан да үлкен. 

Серіктес жаңалықтары