×
474.26
514.48
5.43
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.26
514.48
5.43

Жамбылда базаны бұзып, жүргізуші куәлігін алып берген хакер сотталды

20.06.2024, 23:35
Ашық дереккөзден

Нәтижесінде оңай жолмен келген куәліктердің барлығы жойылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

2023 жылдың қыркүйегінде белгісіз біреу ХҚО мәліметтер базасына кіріп, теориялық және практикалық емтихандарды тапсыра алмаған тұлғаларға 35 жүргізуші куәлігін берген.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 385-бабының 1-бөлігі, 190-бабының 3-бөлігі 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жуалы аудандық сотының баспасөз қызметі бейтаныс киберқылмыскердің ақшалай сыйақы алу үшін көлік жүргізу құжаттарын таратып жүргенін хабарлады.

"Сотта жауап бергендердің бірі емтиханнан өз бетінше өте алмағанын растады, бірақ оны қайта тапсырмаған, 150 мың теңге төлеп, жүргізуші куәлігін сатып алған. Сот барлық жүргізуші куәліктерін жарамсыз деп таныды", - деп хабарлайды аудандық соттың баспасөз қызметі.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары