×
474.26
514.48
5.43
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.26
514.48
5.43

Құр темір үшін 4,5 миллион теңге: Қарағандыдағы конструкциясы жұрттың ашуын туғызды

21.06.2024, 00:40
Видеодан скриншот

Қарағандыда белсенділер қаланың кіреберісіне орнатылып жатқан темір құрастырмаларға наразылық танытты. Металдан жасалған ағашқа ұқсас конструкцияның біреуіне бюджеттен 4 жарым миллион теңге бөлінген. Қала билігі оның онын тұрғызуды жоспарлаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Қала тұрғындарының ойынша металл конструкцияның бағасын қолдан көтерген.

“Менің ойымша, бағасы қолдан көтерілген. Мұнда қанша шығын кетті? Металл ғана. Біреуге тиімді болып тұр деп санаймын. Өйткені қалада кәріз құбырлары ескірген, ауыз су, жарық проблемалары жетеді. Жолдар шұрық-тесік. Ақшаны жарататын жер көп,”- дейді қала тұрғыны.

Темірден дәнекерлеп тұрғыза салған дүниені қалада «қоғамдық әжетхана», «темекі шегетін орын» немесе «ЛРТ елесі» деп атай бастады. Біреуіне 4 жарым миллион теңге жұмсалғаны тұрғындардың ашуын туғызды. 10 конструкцияға 45 миллион теңге кеткені тіпті «шеккен шыққандық» дейді. Айдаладағы аузы-мұрны жоқ отауға ұқсайтын құрастырманы кім ойлап тапқаны да белгісіз. Бірақ қала билігі сын айтқандардың «шығармашылық талғамы жоқ» деп отыр.

“Қалада шешілуі тиіс мәселелер көп екені түсінікті. Бірақ безендірумен де айналысу керек. Онсыз қаланың сәні кірмейді. Қандай жұмыс істесек те, сын айтыла береді. Мейлі ,ол коммуналдық немесе әлеуметтік сала болсын. Жұмыс аяқталғанан кейін ойы өзгереді деп сенемін,”- деді Қазыбек би ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Жанар Елшібекова.

Әкімдіктегілердің сөзінше кіреберіске шөп те, ағаш та өспейді. Сондықтан темірмен әрлеуді жөн санапты. Оған шамдар орнатылғанда, «тіпті әдемі болады» деп сендіреді.

 

Серіктес жаңалықтары