Астанада бала күтуші екі жасар сәбиді өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Не болды
Бұған дейін әлеуметтік желіде Астанада екі жасар баланы өлтірді деген күдікпен 38 жастағы бала күтуші ұсталғаны туралы ақпарат пайда болған еді. Бала қылқындыру салдарынан өлді деген болжам айтылған.
Полиция не дейді
Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды, - деп түсіндірді Астана ПД өкілдері.