Қазақстандық садақшылар Түркияда өтіп жатқан әлем кубогінің ақтық сынына шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Садақ атудан Қазақстан құрамасының мүшелері Андрей Тютюн мен Адель Жексенбинова Түркияның Анталья қаласында өтіп жатқан әлем кубогінің финалына шықты.
Олар блоктық садақ атудан аралас командалық сынның алтын жүлдесі үшін Ұлыбританияға қарсы ойнайды. Сондай-ақ турнир барысында қазақстандықтар Бразилия, Словения мен Италия құрамасын ұтты.
Айта кетейік, Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы кездесу 22 маусымға жоспарланған.