×
480.55
533.75
5.36
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
480.55
533.75
5.36

Ақтөбеде балалардың жалған діни пансионаттары табылды

22.06.2024, 14:27

Ақтөбеде балалар пансионаттары табылған, онда тәрбиеленушілерге заңсыз діни сабақ өткізілген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы облыстық прокуратура хабарлады. "Ақтөбе" және "Ақжар" пансионаттары тәрбиеленушілерінің жеке істерін зерделегеннен кейін тәрбиеленушілердің діни әдебиеттерді пайдаланғаны, сондай-ақ олардың діни жазбалары бар дәптерлері болғаны анықталды.

"Іс жүзінде мекемелердің қызметі олардың жарғылық мақсаттарына қайшы келеді. Қайырымдылық мекемелері қызметінің діни ауытқуы балалар мен тәрбиешілердің сауалнамаларымен де расталады", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, пансиондарда санитарлық-эпидемиологиялық, өрт, еңбек заңнамасының талаптары бұзылған. Қадағалау органында балалардың білім алу, тәрбиелеу және уақтылы медициналық көмек алу құқықтары мен бостандықтарының бұзылуы туралы айтылды.

Қазір сот Ақтөбе қаласы прокуратурасының талап-арызы бойынша аталған екі пансионат тіркеуден айырылып, таратылды.

Серіктес жаңалықтары