×
480.55
533.75
5.36
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
480.55
533.75
5.36

СҚО-да бір апта бұрын суға батып кеткен 10 жастағы баланың денесі табылды

22.06.2024, 18:46
СҚО ТЖД

Құтқарушылар оны бір апта бойы іздеген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

14 маусым күні түстен кейін жас бала інісі, достарымен Есіл өзеніндегі қауіпті жерде шомылған. Ол аумақта қатты ағын бар.

Балалар тақтаға арқан байлап, бір-бірін суға кезекпен тереңдікке лақтырып ойнаған. 10 жасар Омар тақтада тұрғанда, арқан шешіліп кетіп, баланы ағынмен алып кеткен. Жағадан шамамен он метр қашықтықта ол құйынға түсіп кетіп, суға батқан.

Бір апта бойы сол аумақта құтқарушылар, полицейлер мен еріктілер жұмыс істеді. Іздеу суда да, жағалауда да жүрді; су тасқыны әкелген қоқыстардың ағымы мен көп мөлшері жұмысты қиындатқан.

22 маусымда Соколовка ауылы аумағынан баланың денесін тапқан. Петропавлдан Соколовка ауылына дейінгі қашықтық 40 шақырымнан асады.

Серіктес жаңалықтары