×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Саакашвили аштықты тоқтату туралы шешім қабылдады

11.11.2021, 21:32
Саакашвили аштықты тоқтату туралы шешім қабылдады
Фото: ашық дереккөз

Түрмеде отырған Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвили өзін Глданидағы түрменің ауруханасынан оңалту орнына апарған жағдайда ашығуын тоқтататынын айтты, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

ria.ru-дың мәліметінше, бұл мәлімдемені оның адвокаты Ника Гварамия оқып берді.

«Мен Страсбург сотының және батыстағы серіктестердің өтініштерін тыңдап, ашығуды тоқтатамын деп шештім. Мені бұл жерден тиісті жерге ауыстыра салысымен ашығуды тоқтатамын», - деп оқыды заңгер.

Гварамияның айтуынша, Саакашвили өзінің қауіпсіздігі мен оңалтудан кейінгі кезеңде сапалы емделуі қамтамасыз ете алатын емханаға орналастыруды талап етіп отыр.

Еске сала кетсек, қазан айының басында Грузияда елдің бұрынғы президенті Михаил Саакашвили ұсталған болатын. Одан кейін түрмеде аштық жариялап, денсаулық жағдайы нашарлап кетті. Денсаулық жағдайына байланысты Тбилисидегі ауруханаға жатқызылды.