Мемлекеттік органдарға ресми өтініш беруге арналған e-Otinish сервисі уақытша қол жетімсіз, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Сервистің дұрыс жұмыс істемеуі таңертеңнен бастап байқалады.
Мұның себебі "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Қоғаммен байланыс басқармасы қазіргі уақытта сайтты қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты.
"Қазіргі уақытта электрондық өтініштер сайтының дұрыс жұмыс істемеуі байқалады. Сайтты қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жақын арада жұмыс қабілеттілігін қалпына келтіру күтілуде. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - делінген хабарламада