×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

6 триллион теңге. Мемлекет бюджеті қайда жұмсалды

25.06.2024, 19:30
6 триллион теңге. Мемлекет бюджеті қайда жұмсалды
Коллаж Ulysmedia

Сарапшылардың пікірінше, функционалдық топтар бөлінісінде бюджет шығыстарының төмендеуі байқалады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Экономикалық зерттеулер институтының дерегінше мемлекеттік бюджет шығыстары 6 триллион теңгеден астам соманы құрағаны. Бұл 2023 жылдың 1 наурызына қарағанда 8% - ға көп.

Ақша қайда жұмсалды?

  • Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары. 2024 жылғы қаңтар-наурызда 220 млрд теңге жұмсалды, бұл 2023 жылғы қаңтар-наурызға қарағанда 92 млрд теңгеге (+71%) артық;
  • Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі. 2024 жылғы қаңтар-наурызда шығындар 303 млрд. теңгені құрады, бұл 2023 жылғы қаңтар-наурызға қарағанда 45 млрд. теңгеге (+17%) артық;
  • Қарызға қызмет көрсету. Мемлекеттік қарыз бойынша пайыздарды төлеуге 723 млрд. теңге бөлінді, бұл 2023 жылғы қаңтар-наурызға қарағанда 164 млн. теңгеге (+29%) артық;
  • Әлеуметтік көмек және қамтамасыз ету. 2024 жылғы қаңтар-наурызда 1 471 млрд теңге жұмсалды, бұл 2023 жылғы қаңтар-наурызға қарағанда 192 млрд.теңгеге (+15%) артық.

Ал кей салаларда шығындардың азайғаны байқалады.  

  • Қорғаныс. 2024 жылғы қаңтар-наурызда 181 млрд. теңге жұмсалды, бұл 2023 жылғы қаңтар - наурызға қарағанда 34 млрд.теңгеге (- 16%) аз.
  • Білім. 2024 жылғы қаңтар-наурызда шығындар 1 249 млрд. теңгені құрады, бұл 2023 жылғы қаңтар - наурызға қарағанда 126 млрд.теңгеге (- 9%) аз.

Бұған дейін

Жоғары аудиторлық палата 2023 жылғы республикалық бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігіне аудит жүргізуді аяқтаған еді. 

Ұсынылған деректерге сәйкес республикалық бюджет активтерінің жиынтық көлемі 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 7% өсіммен 25,5 трлн теңгені құрады.