×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Аттракциондағы ана мен бала өлімі. Жаңа деректер пайда болды

25.06.2024, 21:55
Аттракциондағы ана мен бала өлімі. Жаңа деректер пайда болды
Ашық дереккөзден

Алматыдағы қайғылы жағдайға байланысты жаңа деректер пайда болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жауапты мамандар бұрын бұл отбасыға қатысты шағым болмағанын айтады.

"Балаға қатыгездік көрсеткені туралы ешқандай шағым болған жоқ. Отбасы қалыпты болды. Біз, әдетте, әке мен ана тұрмайтын немесе балалар бөлінген дисфункционалды отбасыларды жатқа білеміз. Бұл отбасы бойынша ештеңе болған жоқ", - деді Іле ауданы білім бөлімінің сектор меңгерушісі Махаббат Бишанғалиева.

Ал кент әкімі 5 жасар қыздың Даун синдромымен ауырғанын растады. Күйеуі IT саласында  жұмыс істеген. Көршілер де бұл қарапайым отбасы деп мәлімдейді.

"2018 жылы туған бала, қыз мектепке әлі бармаған. Ол Алматы қаласының Түрксіб ауданындағы жекеменшік балабақшаға, мектепалды топқа барды", - деп атап өтті Білім бөлімінде.

Ал, көршілерінің мәліметінше әйел қызын тұншықтырып өлтіргеннен кейін, ол бұл туралы әпкесіне хабарлағанын айтқан. Ал әпкесі полицияға хабарлаған.

Бұған дейін

Алматыдағы Орталық демалыс саябағында шолу дөңгелегінен секірген қыз өз-өзіне қол жұмсамас бұрын қызын  тұншықтырып өлтірген деген күдікке ілінген еді. 

Алматы облысының полиция департаменті қыздың қайтыс болғаны туралы ақпаратты растады.

"Кәмелетке толмағандардың қайтыс болу фактісі бойынша тергеу жүргізілуде. Тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жария етілмейді", - деп хабарлады Алматы облысының ПД.

Сондай-ақ, қайтыс болған әйелдің Алматы облысының Іле ауданында тұрғаны хабарланды.