Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек Грекиядағы орман өрті жайлы пікір білдіріп, оны экологиялық қылмысқа теңеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Экологиялық қылмыс
– Біріншіден, грек қызметтері ол жақта қазақстандықтар болғанын растады. Жайдан жай мұндай ақпараттар жарияға шықпайды. Біздің олигархтар әрекеттені қалай жасыратынын білеміз. Ал шетелде әсіресе… Сол себепті мен сол жағдай болған деп болжаймын. Қазір біздің құқық қорғау органдары бұл іспен тығыз айналысуы керек. Біздің ұлттық мүдделерімізге қатты қайшы келмеген шығар. Бірақ ең бастысы, елдің имиджіне нұқсан келді, – дейді Бақытжан Базарбек Мәжіліс кулуарында.
Депутаттың сөзінше, Қазақстан азаматтары басқа мемлекетке қатысты заңға қайшы әрекет жасаған.
– Бұл – экологиялық қылмыс. Сол қылмыс тергелуі керек. Бас прокуратура “Бәсе” арнасындағы Айдос Садықовтың ісіндей бұл іске де кірісуі керек. Сол себепті мен бұл бағытта тек істің объективті қаралуын күтемін, – дейді Базарбек.
Грекиядағы өрт
Бұған дейін Грекияда туристер қайықты жалға алып, отшашу атып, аралды өртегені жайлы Грекия БАҚ-тары жазған еді. Аралдың оңтүстік-батыс жағалауында жүзіп жүргенін көрші кеменің капитаны көрген. Гидраның "бурлактары" Вулагмендегі жағалау күзетіне осылай куәлік берген.
Сенбі күні таңертең өрт сөндіру бригадасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Бисти аймағындағы өрттің жағдайы жекелеген ошақтарға қарамастан бәсеңдеген. Төбеден тікұшақ су шашқан. Сенбі күні таңертең Идра мэрі Йоргос Кукудакис "кейбір адамдар отшашуды қарағайлы орманға қарата жауапсыз түрде атады, соған ашуланамыз" деген.
Туристер жеке қайықтан отшашу атып, өрт шығарған. Не істеп қойғанын түсінген кезде өртті сөндіруге тырысқан. Әрекеттері сәтсіз екеніне көзі жеткен соң өрт сөндіру бригадасын шақырып, өздері кетіп қалған. Кейін 13 турист ұсталған.