×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

«Қол жинасын – қарастырамыз»: Дүйсенова зейнет жасын төмендету жөніндегі петиция жайлы

26.06.2024, 17:36
«Қол жинасын – қарастырамыз»: Дүйсенова зейнет жасын төмендету жөніндегі петиция жайлы
Коллаж: ulysmedia.kz.

Вице-премьер Тамара Дүйсенова зейнет жасын төмендету петициясы жөнінде сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Дүйсенованың позициясы

Оның айтуынша, қазір де ертерек зейнетке шығу мүмкіндігі бар.

Егер петицияға 50 мың адам қол қойса, ол міндетті түрде қарастырылады.

Вице-премьер қазіргі заңнама бойынша, егер жинақтар мүмкіндік берсе, әйелдердің ертерек зейнетке шығуға мүмкіндігі бар екенін хабарлады.

Петиция

Зейнеткерлік жасты әйелдер үшін 55 жасқа дейін және ерлер үшін 58 жасқа дейін төмендету туралы петиция 14 маусымда жарияланды. Автор 50 жастан кейін адам денсаулығының нашарлайтынын айтады. Петицияға бұл күнде 4 мыңнан астам адам қол қойған.