×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Қақтығысқа ұласқан заң жобасына Кения президенті қол қоймады

26.06.2024, 20:55
Қақтығысқа ұласқан заң жобасына Кения президенті қол қоймады
Ашық дереккөзден

Кения президенті Уильям Руто жаппай наразылықтарға байланысты елдегі салық салуды қатаңдатуға әсер етуі мүмкін бюджет жобасына қол қоймады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Енді жоба Кения Парламентінің қарауына жіберіледі. Депутаттар оған президент Рут ұсынған түзетулерді қарастыруы керек. Жобаны қарау қорытындысы бойынша парламент оған өзгерістер енгізе алады немесе оны түзетусіз қабылдай алады. Бұл туралы Кениялық The Star газеті жазды. 

Еске салайық

Бұған дейін жүздеген мың демонстранттар Кенияның ондаған қалаларында көшеге шықты. Олар салықты көтеру туралы жаңа заңға наразылық білдірді. Полиция оқ жаудырып, бірнеше адам қаза тапты. Тағы ондаған адам жараланды. 

Кения халқының салық реформасына қарсы наразылықтары күшейе түсті. Бейбіт түрде басталған акциялар зорлық-зомбылыққа ұласты. Жүздеген демонстранттар ел астанасы Найробидегі Парламенттің үй-жайларына кірді. Наразылық білдірушілер тосқауылдарды құлатып, ғимаратты бірнеше жерден өртеп жіберді, жиһазды қиратты. Жергілікті БАҚ хабарлағандай, парламент мүшелері жертөле өткелдері арқылы қашуға мәжбүр болды.

Полиция наразылық білдірушілерге көзден жас ағызатын газ бен су атқыштарды қолданды. Сонымен қатар Daily Nation газетінің хабарлауынша, демонстранттарға оқ жаудырды. Тек ел астанасында, алдын ала мәліметтер бойынша, бес адам қаза тауып, тағы ондаған адам жарақат алды. Зардап шеккендер туралы ресми ақпарат әлі жоқ, сондықтан олардың саны артуы мүмкін.