×
446.49
475.38
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
446.49
475.38
4.79

Полиция 7 педофилге электронды білезік тақты

12.11.2021, 14:44
Фото: Ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтанда жыныстық қылмыс жасаған жеті адамға электронды білезік жүйесін қолданыла бастады. Жүйе тесттік режимде іске қосылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, сотталғандарға қатысты сот үкімімен белгілі бір орындарға баруға, атап айтқанда оқу орындарына жақындауға, түнгі уақытта үйден шығуға, пробация қызметіне хабарламай, тұрғылықты жерінен тыс жерлерге шығуға тыйым салу сияқты шектеулер қойылуы мүмкін.

Пробация қызметінің инспекторы сотталғандардың белгіленген талаптарды нақты уақытта да, өткен кезең үшін де сақтауын қадағалай алады. Қызметкер қажетті деректерді компьютердің, планшеттің немесе смартфонның көмегімен жеке кабинет арқылы тексере алады.

Егер сотталған адам белгіленген шектеулерді бұзса немесе білезікті зақымдауға тырысса, бұзушылық туралы белгі дереу түседі.

«Белгіленген тыйым салуларды бұзу, электрондық бақылау құралдарын қолданудан бас тарту немесе жабдықты бүлдіру анықталған кезде пробация қызметі бас бостандығынан айыруға жазаның түрін өзгерту туралы мәселені қарау үшін материалдарды сотқа жібереді. Бұл жаңалық қылмыстық-атқару жүйесін жаңғырту шеңберінде енгізілуде. Есепке алынған адамдарды қашықтықтан бақылау құралдары (планшеттер, электрондық білезіктер) сотталғандардың қайта қылмыс жасау тәуекелдерін барынша азайтуға мүмкіндік береді және пробация қызметінің бақылау сапасын жақсартады», - делінген хабарламада.

Келесі жылдан бастап пробация қызметінің есебінде тұрған барлық адамдарға электрондық бақылау құралдарын қолдану практикасын кеңейту жоспарлануда. Барлығы 2,5 мыңға жуық электронды білезіктер мен 25 мыңнан астам мобильді құрылғылар қажет.

Айта кетсек мұның алдында ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев электронды білезік ең бірінші кезекте педофилдерге тағылатынын мәлім еткен еді.

Серіктес жаңалықтары