×
471.46
504.79
5.53
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
471.46
504.79
5.53

Риддер қаласына жаңа әкім тағайындалды

27.06.2024, 15:15
Риддер әкімдігі

Президент әкімшілігімен және қала мәслихатымен келісе отырып, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің өкімі бойынша Думан Рахметқалиев Риддер қаласының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz 

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің міндетін атқарушы Нұрымбет Сақтағанов қала активіне Риддердің жаңа әкімін таныстырды.

- Риддердің жаңа басшысын үлкен және күрделі жұмыс күтіп тұр. Жылыту маусымына дайындықты бастау, Риддер ЖЭО мен қаланың бүкіл жылу айналымы жүйесін қайта құруды жеке бақылауға алу, - деді Нұрымбет Сақтағанов. 

Думан Рахметқалиев Шығыс Қазақстан облысының тумасы, Прага халықаралық университетін халықаралық сауда мамандығы бойынша, сондай-ақ Қазақстан-Америка еркін университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген. 

Астана қаласы «Қазатомөнеркәсіп-Демеу» ЖШС-да, ШҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Орман және аңшылық шаруашылығында жедел ден қою отрядында жұмыс істеген. Ал, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының әкімі қызметінде болды. 

Серіктес жаңалықтары