×
471.46
504.79
5.53
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
471.46
504.79
5.53

Қазақстанда университеттерден гөрі балабақшалар көбірек табыс тапқан

27.06.2024, 20:45
Фото: alataugazeti.kz

Бұл кем дегенде соңғы онжылдықта алғаш рет болып отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

2023 жылы мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің табысы Қазақстандағы жоғары білім беру мекемелерінің табысынан асып түсті. Бұл туралы  Datahub Бірінші кредиттік бюросының Telegram-арнасы жазды. 

Балабақшалардың табысы өткен жылы 822,9 млрд теңге болса, жоғары оқу орындарының табысы – 804,4 млрд теңгені құрады.

"Бірінші көрсеткіш, кем дегенде, соңғы онжылдықта алғаш рет екінші көрсеткіштен асып түсті. Бұл ретте тура он жыл бұрын, 2013 жылы жоғары оқу орындарының кірістері балабақшалардың кірістерінен екі еседен астам асып түсті, ал болашақта бұл алшақтық қысқарды. 2022 жылға қарай жоғары білім беру секторы мектепке дейінгі білім беруден небәрі 19% ғана асты. А л 2023 жылы алшақтық жойылды", – делінген хабарламада.

Жергілікті бюджеттерден мектепке дейінгі мекемелер алған трансферттер көлемі айтарлықтай өскен. 2022 жылғы 332 млрд-тан болса  2023 жылы 592 млрд-қа дейін көбейген. 

Бір жыл ішінде балалар ұйымдарының саны қалай өзгергені туралы дерек әлі жоқ. Университеттерге келетін болсақ, олардың қатары азайған. Мысалы 2022 жылдың күзінде, оқу жылының басында 116 мекеме болса, ал 2023 жылдың күзінде 112 мекеме жұмыс істеді.

Серіктес жаңалықтары