Үкіметтің мәліметінше, сұрақтар тізімін және барлық регламенттерді қалыптастыру бойынша заңмен белгіленген рәсім бар, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр АЭС бойынша референдумда талқыланатын сұрақтар тізіміне қатысты жауап берді.
-Сұрақтар тізімін қалыптастыру үшін заңмен белгіленген рәсім бар. Ол стандартқа сай болады. Бюджет қандай болатынын әлі білмеймін. Біз бірнеше рет нақты сұрақ пен нақты жауап болуы керек деп айттық. Референдумнан кейін мен қалай дауыс бергенімді айтайын", - деді Скляр.
ОСК хатшысы Мұхтар Ерман бұған дейін Қазақстанда АЭС салу бойынша референдум туралы сұрақтарға жауап берген еді.
-"Өтетін күні Мемлекет басшысының жарлығымен белгіленеді. Алдыңғы референдум мамыр айында жарияланды, біз оны өткіздік. Екі айдың ішінде ол дайындалады.
Менің ойымша, үкімет референдумды өткізу күні туралы ұсыныс жасауы мүмкін. Қалай болғанда да, Мемлекет басшысының жарлығымен анықталады", - деді ол.
2023 жылғы 1 қыркүйекте президент Қасым-Жомарт Тоқаев АЭС құрылысы бойынша референдум өткізілетінін жариялады. 2023 жылғы 4 қазанда ҚР Энергетика министрлігі референдумға дейін АЭС құрылысына байланысты барлық жұмыстарды тоқтатты.
2023 жылғы қарашада РФ президенті Владимир Путин Қазақстанда АЭС салу туралы шешім қабылданса, онда "Росатом" мемлекеттік корпорациясы тиісті жобаны әзірлеуге дайын екенін мәлімдеді.
Айта кетейік, кей экологтар мен азаматтық белсенділер Қазақстанда АЭС салуға қарсы.