Астананың әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшілігінің кеңесшісіне қатысты істі денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру фактісі бойынша қарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Істің мән-жайлары бойынша Сәкен Мамаштың жанжал кезінде жұбайына физикалық күш қолданғаны анықталды.
Істі сот Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің санкциясы шеңберінде қарады.
Сот отырысы барысында М. және оның адвокаты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен келіспей, оның кінәсі іс материалдарымен дәлелденбегенін, сондай-ақ құқық бұзушылық жасалған Жер ҚР юрисдикциясына жатпайтынын, бұдан басқа М. - ның іс-әрекеттері оның және оның жұбайының арасындағы отбасылық-тұрмыстық қатынастарға жататынын, ол бойынша жеке тергеу жүргізіліп жатқанын көрсетті.
Сот қаулысымен Сәкен Мамаш ӘҚБтК-нің 73-1-бабы бойынша құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды және 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды
Каринаның оқиғасы
Карина Мамаш жақында күйеуі оны 10 жыл бойы физикалық және жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшыратқанын айтқан еді. Әйелдің айтуынша, бірнеше күн бұрын Сәкен Мамаш оның БАӘ-ге қонаққа келген үлкен әпкесін де ұрып-соққан. Дипломаттың әйелі ауруханада, ал балалары әкесімен бірге болған.
Осы шудан кейін Қазақстан Сыртқы істер министрлігі дипломат елге қайтарылатынын хабарлады.
Қазақстан Сыртқы істер министрлігі дипломаттың әйелі Карина Мамашты елге жеткізу мәселесін шешіп, Карина көп өтпей елге оралды.
Астана полициясы Қазақстанның БАӘ-дегі елшісінің кеңесшісі Сәкен Мамаштың үстінен қылмыстық іс қозғады.
Кейін Карина Мамаш сұхбат беріп күйеуімен қалай танысқанын айтқан еді.
Ал Нүкте Youtube арнасына берген сұхбатында Сәкен Мамаштың әйелі дипломаттың әріптестері жанжалдың көпшілікке жария болғанын қаламағанын айтты.
Кейін дипломаттың әйелі алғашында кешірім сұраса, қазір қорқытып жатыр деп үндеу жариялаған.
Сәкен Мамаш желіде жазба жариялаған еді. Онда ол өзінің қарапайым ауыл баласынан, беделді қызметкер болғанға дейінгі өмір жолын сипаттап жазған. Қалай жоғары оқуға түскенін, ағылшын, орыс, түрік, араб тілдерін меңгергендігін тәптіштеп тұрып жазған. Каринамен отбасы құрғанын, балалы болғандарын баяндайды.
Содан соң әйелі тарапынан өзіне тағылған айыптарға жауап береді. “Зайыбым Карина мені экономикалық зорлық жасады деп айыптады” деген ол жұбайына жасаған қымбат сыйлықтарын, оны қай жерлерге қыдыртқанын да айтады. Бір сөзбен айтқанда одан ештеңе аямадым дейді.