×
488.93
532.4
5.04
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
488.93
532.4
5.04

Алматылықтар үшін. Кептеліс тудыратын тағы бір фактор

28.06.2024, 22:15
Алматылықтар үшін. Кептеліс тудыратын тағы бір фактор
Ашық дереккөзден

Алматыда Брусиловский көшесінің учаскесіндегі қозғалыс уақытша жабылады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

Себебі көшеде жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Алматыда Брусиловский көшесінің учаскесі уақытша жабылатынын қалалық әкімдік хабаралады. 

29 маусымда сағат 22.00-ден 1 шілдеде сағат 10.00-ге дейін Абай даңғылынан Сәтбаев көшесіне дейін көлік қозғалысы жабылады.

"Брусиловский көшесінің учаскесіне орташа жөндеу жүргізуге байланысты қозғалысқа уақытша шектеулер енгізілуде. Маршрутты алдын ала жоспарлауды сұраймыз", – делінген хабарламада.

Бұл өз кезегінде қосымша кептеліс туғызуы мүмкін. Қала тұрғындары мен қонақтары діттеген жеріне уақытылы жетуі үшін сапарын алдын-ала жоспарлауы керек.