Сынақтан сүрінбеген оқушы қомақты ақшалай сыйақыға ие болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Дарынды оқушының аты-жөні Ержанова Айым. Ол Р.Қошқарбаев атындағы Қосшы мектебінің оқушысы екен.
Айым тестілеуде берілген 140 сұрақтың барлығына дұрыс жауап берген.
«Дүниежүзі тарихы және ағылшын тілі пәндерін талдадым. Осы орайда ата-анама және ұстаздарыма алғыс айтамын. Алла қаласа Еуразия ұлттық университетінен екі шет тілі мамандығын таңдап отырмын», - дейді Ержанова Айым.
Сынақтан мүдірмеген оқушыға қосымша білім беру орталығы Дубайға жолдама және 5 миллион теңге ақшалай сыйлық берді.
Бұған дейін
ҰБТ сұрақтарынан сүрінбеген тағы бір оқушы туралы жазған едік.
Ұлттық бірыңғай тестілеуде мүдірмеген түлектің аты-жөні Еңсебек Жаннұр. Ол Алматы облысы, Талғар ауданы, Қарабұлақ ауылының №22 жалпы білім беретін орта мектебі түлегі.
Жаңаөзендік Абзал Оңғарбаев та 139 балл жинап, үздік нәтиже көрсеткен еді.