Ұлыбритания азаматы Алматының таулы аймағында адасып кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ҚР ТЖМ бүгін жоғалған шетелдікті кинологтар тапқанын хабарлады.
"Бүгін Алматы облысының Ақтас үстірті ауданында таулы жерлерде республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары іздестіру жұмыстары барысында жоғалған британ азаматын тапты", - делінген хабарламада.
Іздеуге құтқарушылардың кинологиялық есебі жұмылдырылды. Жоғалған адамға медициналық көмек қажет болмаған.