×
481.68
522.48
5
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
481.68
522.48
5

БҰҰ басшысы Орталық Азия елдеріне келеді

29.06.2024, 11:10
БҰҰ басшысы Орталық Азия елдеріне келеді
aa.tr.com

29 маусымда БҰҰ бас хатшысы Антонио Гутерриш Орталық Азия елдеріне келеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Гутерриш Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстанға баруды жоспарлап отыр. БҰҰ баспасөз қызметі осы елдердің әрқайсысында бас хатшы бемлекет басшыларымен және басқа да жоғары лауазымды өкілдермен кездесетінін хабарлады.

Турдың алғашқы аялдамасы - Өзбекстанның астанасы Ташкент.

Астанада 4 шілдеде Гутерриш Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммитіне қатысады.

Еске сала кетейік, бұған дейін ШЫҰ саммиті күндері Астанада балабақшалар жұмыс істемейтіні хабарланған болатын. Сонымен қатар, 28 маусымнан бастап елордада көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің қозғалысы шектеледі.