Қазақстанның кәсіпқой боксшысы, чемпион Геннадий Головкин ҚР Ұлттық Олимпиада комитетіндегі жұмысы жайлы айтып берді, деп хабарлайды Ulys Sport.
Журналистер Головкиннен “ҰОК-да ұзақ уақыт жұмыс істеуді жоспарлап отыр ма?” деп сұрады.
Головкин келесі олимпиадалық циклге дейін ҰОК президенті болып қалатынына сенім білдірді.
– Иә, маған қазір келгенімде көргенімнің бәрі маған өте ұнайды. Маған барлық спорт түрі жайлы сұрақ қойғаныңыз ұнайды. Мен ҰОК-қа тек бокс үшін келген жоқпын. Бокс – бұл мен өз елімде дамыған спорт түрлерінің бірі ғана. Мен шенеунік немесе саясаткер емес, спортшы ретінде келдім. Мен барлық спорт түрлеріне қызығамын. Барлық спортшылар, әсіресе олимпиадаға қатысып, елімізді таныстыратындар қызықты. Мен барлық спорт түрлерінде спортшылардың лайықтысын алғанын қалаймын. Оларды спортты тастап кетпей, армандарына жету мүмкіндігі бар. Осы сәтте мен келесі циклге дейін болатыныма сенімдімін", - дейді ол Sports.kz басылымына.
Еске сала кетейік, ақпан айының соңында Головкин Тимур Құлыбаевтың орнына ҰОК президенті болып келді..
GGG 2006 жылдан бастап кәсіби рингте өнер көрсетті. 2010 жылы ол алғаш рет әлем чемпионы атанды. Сонымен қатар, Головкин орта салмақтағы әлем чемпионы атағын сәтті қорғаудың рекордына ие.