×
475.18
510.72
5.47
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
475.18
510.72
5.47

"Мен жас емеспін": Байден Трамппен бәсекелестігі туралы не айтты

29.06.2024, 18:55
Ашық дереккөзден

АҚШ президенті  Джо Байден Дональд Трамппен болған пікірталас туралы айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Джо Байден қараша айында өткен президенттік сайлауда қарсыласы Дональд Трампты жеңуге ниетті екенін мәлімдеді. 

"Мен жас емес екенімді білемін, бұл анық", — деді Байден пікірталастан бір күн өткен соң митингте.

Бірақ ол өзінің бұл жұмысты атқара алатындығына сенімді. 

"Мен енді оңай жүрмеймін, әдемі сөйлемеймін, бұрынғыдай жақсы пікірталастыратындай емеспін. Егер  бұл жұмысты атқара алатыныма шын жүректен сенбесем, мен қайтадан сайлауға түспес едім", - деп қосты Байден.

Reuters басылымы  пікірсайыстағы ескертулер мен кейде түсініксіз жауаптар Байденнің тағы бір төрт жылдық мерзімге қызмет ете алмауы мүмкін деп санайтын сайлаушылардың алаңдаушылығын күшейтті және кейбір демократтарды кандидатты ауыстыру мүмкіндігі туралы ойлауға мәжбүр етті деп жазады.

Бұған дейін

Джо Байденнің ұлы Хантер темір торға қамалуы мүмкін екенін жазған едік. 

Алқабилер Кіші Байден 2018 жылдың қазан айында атыс қаруын сатып алғанда өтірік айтты деген айыптаудың дәлелдеріне сеніп, бір ауыздан “иә” деп жауап берген. Ол арнайы нысаннан қаруды сатып алу құқығына ол “есірткіге тәуелдісіз бе?” деген сұраққа "жоқ" деп жауап берген. 

Серіктес жаңалықтары