×
473.15
515.12
5.4
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
473.15
515.12
5.4

Аналар қартайып, балалар азайып бара жатыр

01.07.2024, 20:45
Әлеуметтік желіден

2024 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанда 91,9 мың бала дүниеге келді, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,8% - ға аз, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Туу коэффициенті

Finprom.kz мәліметінше  елдегі туу коэффициенті 1000 адамға 18,3-ті құрады. Салыстыру үшін, өткен жылдың қаңтар-наурыз айларында бұл көрсеткіш 19,1 болды.

Қазақстанда туудың төмендеуі бірнеше жыл қатарынан жалғасып келеді:

2023 жылы 388,4 мың бала дүниеге келді, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 3,8% - ға аз.

2022 жылы 403,9 мың жаңа туған нәресте тіркелді, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 9,5% - ға аз.

Туу коэффициенті 2021 жылы 23,5, 2022 жылы 20,6, 2023 жылы 19,5 құрады.

Балалардың туу тәртібі

Өткен жылы 90,7 мың жаңа туған нәресте отбасындағы екінші бала болды, 80,7 мың үшінші, 63,4 мың төртінші, 36,4 мың бесінші, 13,9 мың алтыншы, 4300 жетінші, 1100 сегізінші, 290 тоғызыншы, 110 оныншы және одан да көп.

Аналардың жасы

2023 жылы бала туғанда қазақстандық аналардың орташа жасы 29,5 - тен 29,7 жасқа дейін ұлғайды.

Серіктес жаңалықтары