×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Тоқаев мемлекеттік сатып алу туралы заңға қол қойды

01.07.2024, 21:40
Тоқаев мемлекеттік сатып алу туралы заңға қол қойды

Қасым-Жомарт Тоқаев «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңға қол қойды. Заң сатып алу процесінің рәсімдерін оңтайландыруды, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуды, мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың жауапкершілігін күшейтуді және бәсекелестікті дамытуды көздейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Заң новелласының бірінші блогы сатып алу рәсімдерін жеңілдетуге және қысқартуға бағытталған.

Бірінші. Шағымдарды қарау тетігі жаңартылды. Қаржы министрлігінің бақылаушы орган ретіндегі рөлі қайта қаралды. Сатып алуды жедел жүргізу, тапсырыс берушілерге  зор өкілеттіктер беру, сондай-ақ сатып алу рәсімдерінің кешіктірілуін болдырмау мақсатында бұдан былай шағымдарды сатып алуды ұйымдастырушының өзі тікелей қарайды. Сатып алу қорытындыларына шағымдану веб-портал арқылы және жеңімпазы тек конкурстық комиссия айқындаған сатып алулар бойынша ғана жүзеге асырылады.

Екінші. Сатып алу рәсімдерін өткізу мерзімдерін қысқарту мақсатында Заңда тікелей белгіленген мерзімдер Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының деңгейіне ауыстырылды.

Үшінші. Рәсімдерді оңайлату және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін мемлекеттік сатып алуды өтпеді деп тану негіздері қайта қаралды. Бұрын сатып алулар тек 1 әлеуетті өнім беруші қатысқан жағдайда өтпеді деп танылатын. Енді мұндай өнім берушіні тиісті біліктілік талаптарына сай деп таныған жағдайда онымен шарт жасасуға рұқсат беріледі.

Төртінші. Тапсырыс берушілердің тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жедел сатып алуына оңтайлы жағдай жасау және оларға барынша дербестік беру мақсатында құны 100 АЕК-ке дейінгі тауарларды, 500 АЕК-ке дейінгі жұмыстар мен қызметтерді бір көзден сатып алу құқығы қарастырылған. Ауыл әкімдіктері үшін мұндай тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу шегі 3000-нан 4000 АЕК-ке дейін ұлғайтылды. Сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алуға қажетті тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді бір көзден сатып алу мүмкіндігі бекітілді (әзірге тек төтенше жағдай салдарын жою үшін).

Бесінші. Ғылыми ұйымдардың сатып алу тәртібі жеңілдетілді. Мәселен, ғылыми зерттеулер мен ғылыми жұмыстарды орындау үшін ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының сатып алу рәсімдері енді Ғылым және жоғары білім министрлігі бекітетін қағидалар бойынша жүзеге асырылады.