×
478.58
520.84
5.44
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
478.58
520.84
5.44

Киевтегі қастандық: журналист Айдос Садықов көз жұмды

02.07.2024, 08:50
RFE/RL

Журналист Айдос Садықов Киевтегі қастандықтан кейін көз жұмды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

– Айдос Садықов бүгін Киев уақытымен сағат 03:00-де о дүниеге аттанды. Менің сүйген жарым, үш баламыздың әкесі, қазақ халқының даңқты ұлы. Айдос Қазақстан үшін өз өмірін қиды, киллерлердің қолынан шейіт болды. Он үш күн бойы Айдос реанимацияда өмір сүру үшін күресті, бірақ аман қалмады, – деп хабарлады Айдос Садықовтың әйелі Наталья.

Киевтегі оқиға

Бұған дейін Украина бас прокуратурасы қазақстандық журналист Айдос Садықовқа жасалған қастандықтың мән-жайын жариялаған еді. Ондағы мәліметке сүйенсек, шабуыл жасады деген күдіктілер 2 маусымда Польшадан келген.Күдікке ілінген екеу - Қазақстанның Алтай Жақанбаев пен Мейрам Қаратаев деген азаматтары. 

Күдіктілер журналист Айдос Садықовты өлтіруді мұқият жоспарлағаны нақтыланды. Олар Украинаға 2 маусымда Польшадан келіп, көлікті жалға алып, журналисті бақылаған. Қастандық жасалған күні олардың бірі журналистің көлігіне барып, оқ жаудырған. Екіншісі аңдып тұрған. Содан кейін екеуі де қылмыс орнынан із жасырып кеткен. Сол күні олар Молдоваға өтіп кеткен. Сот оларды сырттай қамауға алған.

Көп өтпей Қазақстанның бас прокуратурасы Киевте оқтан жараланған журналист Айдос Садықовтың ісіне қатысты күдіктінің бірі ұсталғаны жөнінде ақпарат таратты. Құзырлы органның хабарлауынша, 21 маусымда А.М. Жақанбаев Қазақстан ішкі істер органдарына өз бетінше хабарласып, одан істің мән-жайы бойынша жауап алынған. Сол күні ол осы қылмысты жасады деген күдікпен ұсталған.

Серіктес жаңалықтары