×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Саясаттанушы Димаш Әлжанов өзіне біреулер шабуыл жасамақ болғанын мәлімдеді

02.07.2024, 13:51
Саясаттанушы Димаш Әлжанов өзіне біреулер шабуыл жасамақ болғанын мәлімдеді
Коллаж Ulysmedia

Саясаттанушы Димаш Әлжановтың айтуынша, оған түн жарымында белгісіз адамдар шабуыл жасамақ болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

– Бүгін сағат 00.30-да үйімнің кіреберісінде маған белгісіз екі адам шабуыл жасамақ болды. Олар көлікпен келе жатып, ауладан шығуға тосқауыл қойды, - деді ол.

Әлжанов полицияға жүгініп, арызы қабылданғанын жазады.

Біраз уақыттан кейін саясаттанушы көшедегі бақылау камерасы түсірген бейнені жариялады. Кадрларда белгісіз ер адамдар көліктен қалай шығып жатқанын көруге болады. 

– Екі белгісіз адамның қала орталығындағы аулаға кіріп бара жатқанын және менің кіреберісте шабуыл жасамақ болғаннан кейін қашып бара жатқанын видеодан көруге болады. Ауладағы басқа камералар жұмыс істемейді, - деп жазады саясаттанушы

Димаш Әлжанов – қазақстандық саясаттанушы. Қоғамдағы өткір мәселелер жөнінде ойын бүкпесіз айтады. Былтыр мәжіліс пен мәслихаттарға өткен сайлаудың қорытындыларына түсініктеме беріп, олардың легитимділігі әлсіз болғанын айтқан еді.