×
481.84
531.33
5.07
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
481.84
531.33
5.07

«Жүлде қоры 35 млн теңге»: «Айбоз» әдеби сыйлығына шығармалар қабылдана бастады

03.07.2024, 12:25
«Жүлде қоры 35 млн теңге»: «Айбоз» әдеби сыйлығына шығармалар қабылдана бастады
Фото: Ашық дереккөзден

Мәдениет және ақпарат министрлігі «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына арналған шығармалар қабылдап жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сыйлық жайлы

«Айбоз» – отандық қаламгерлерді мемлекеттік қолдау және қазақ әдебиетінің дамуына ықпал ету мақсатында Мәдениет және ақпарат министрлігі құрған ұлттық әдеби сыйлық. 

Қандай номинациялар бойынша шығармалар қабылданады

Ұлттық сыйлыққа «Үздік проза», «Үздік поэзия», «Үздік драматургия», «Үздік әдеби аударма», «Үздік балалар әдебиеті», «Үздік әдеби сын», «Үздік комикс» номинациялары бойынша бұрын жарияланбаған туындылар қабылданады. 

Әр номинацияға 5 млн теңгеден

Байқауға отандық жазушылар қатыса алады және үміткерлердің жас ерекшелігіне шектеу жоқ.  Әдеби сыйлықтың жалпы жүлде қоры – 35 млн. теңге. Әр номинацияға 5 млн теңгеден беріледі.

Өтінім 2024 жылғы 1 мамырдан 1 қыркүйекке дейін www.aiboz.kz сайты арқылы жолдануы тиіс. Ұлттық әдеби сыйлық жыл соңында табысталады.